Жаңалықтар | Новости

Жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған әйел бас бостандығынан айырылды

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Қазақстан Республикасы ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігі бойынша 1 (бір) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған А. есімді әйел жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзуға жол бергені үшін Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.

Яғни, сотталған А. есімді әйел пробация қызметіне белгіленген күндері тіркелу және өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін дәлелсіз себептермен бірнеше рет келмеген, яғни шақырту қағаздарын уақытылы ала тұра келмеген.

Сонымен қоса, бұған дейін сотталған А. есімді әйелге қатысты 18.11.2020 жылы Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотымен бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным қаралып, ұсыным толығымен қанағаттандырусыз қалдырылған.

Алайда, оған қарамастан сотталған әйелмен жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық қайталануда.

Қазақстан Республикасы ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның пробация қызметіне белгіленген күндері тіркелу және өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін делелсіз себептермен бірнеше рет келмеуі – жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болып табылады.

14.04.2021 жылы ұсынымды негізінен қарау барысында прокурормен сотталған әйелдің жазасын ауыстыру туралы қорытынды берілді.

Осыған орай, сотталушы А. есімді әйелдің бас бостандығын шектеу жазасының 8 (сегіз) ай 24 (жиырма төрт) күн өтелмеген бөлігі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау әр сотталушының міндеті болып табылады.

Егер, бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығы ескерілген жөн.

 

 

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Комментарий