Жаңалықтар | Новости

Сотталғандар жұмысқа орналасты

 Сырдария аудандық пробация қызметі есепте тұрған азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын-алу, әлеуметтік көмек көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Бүгін аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарды аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде өткен жәрмеңкеге қатыстырды. Бос жұмыс орындарының қорытындысымен, есептегі бес азамат квота бойынша  жұмысқа орналасты. Олар «Углесбыт» ЖШС, «Омарова» ЖК, «Мәді-Қажы» ЖШС, «Жәрдем» ЖШС мекемелеріне жұмысшы ретінде жолдама алды.

«Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен  қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі болып табылады. Пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Сырдария ауданы әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарының квотасы бекітілген. Бүгінгі бес  азамат жұмысқа орналастырылды. Жалпы аудандық пробация қызметінің есебінде 41азамат есепте тұр. Соның ішінде  5 азамат жеке кәсібін ашқан. Оның бірі мал шаруашылығымен айналысса, бірі май құю бекетін ашып, кәсібін одан әрі  дөңгелетіп отыр»,- деді    аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны  А.Сақыбеков.

 

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі  департаменті

Комментарий