Жаңалықтар | Новости

ЖОО-дағы «Исламтану» мамандарын дайындаудың өзекті мәселесі

 Жақында оқу ордамызда «Исламтану» мамандарын дайындаудың өзекті мәселелері» атты халықаралық конференция өткізілді. Пандемиялық жағдайға орай онлайн ұйымдастырылған конференцияны өткізуге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д. Н. Ж. Байтенова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, С. У. Абжалов, Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, Дінтану кафедрасының аға оқытушысы, доцент м.а. PhD, А. Қ. Дүйсенбаева, ҚМДБ, Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының оқу бөлім меңгерушісі, исламтанушы докторант Т. У. Юлдашев және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ф. Б. Камалова,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы, PhD докторант Н. А. Орынбеков,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби орталығы, ғылыми қызметкер Ж. Хумархан ықпал етті.

Халықаралық конференцияның мақсаты ЖОО-дағы «Исламтану» мамандарын дайындаудың өзекті мәселесін талқылау болатын. Конференция барысында Н. Ж. Байтенова – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д. «Қазақстандағы исламтану мамандарын даярлау»; Али Рафет Озкан – Кастамону университеті, Теология факультетінің профессоры, доктор. Түркия, Кастамону оқу орнынан «Теология факультеттеріне сәйкес Кастамону университетінің академиялық құрылымы» Яшар Айдынлы – Улудағ университеті, Теология факультетінің      профессоры, доктор. Түркия, Бурса. «Түркиядағы теологиялық білім берудің академиялық негіздері»; Мадиһ Абдулла Абдулжауад – Каир университетінің профессоры. Мысыр, Каир. «Исламтану ілімі: қазіргі кезі және болашағы»; З. М. Исломов – Өзбекстанның Халықаралық ислам академиясының ғылым және инновация бойынша проректоры, филол.ғ.д., профессор. Өзбекстан, Ташкент. «Жаңа Өзбекстандағы исламдық білім мен зерттеулердегі реформалар»; Д. Т. Кенжетай – Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауи ҒЗО директоры, филос.ғ.д., профессор. Қазақстан, Түркістан. «Ислам ғылымдарының қалыптасу алғышарттары мен ұстанымдарына сыни көзқарас»; Д. Максудов – Имам Матуриди атындағы Халықаралық зерттеу орталығының директоры, тарих ғ.д., доцент. Өзбекстан, Ташкент. «Өзбекстандағы Құран ғылымдарын зерттеу»; Ж. С. Сандыбаев Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, Академиялық мәселелер департаментінің директоры, филос.ғ.к., доцент. Қазақстан, Алматы. «Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіндегі исламтанулық білім беру үдерісі»;         М. З. Абдуллаева – Өзбекстанның Халықаралық ислам академиясы, ЮНЕСКО-ның дінтану және әлемдік діндерді салыстырмалы зерттеу кафедрасы, дінтанушы PhD. Өзбекстан, Ташкент. «Өзбекстанда исламтануды оқыту: Халықаралық ислам академиясының тәжірибесі»; Т. У. Юлдашев – ҚМДБ, Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының оқу бөлім меңгерушісі, исламтанушы докторант. Қазақстан, Алматы. «Қазіргі пандемия жағдайында имамдарға исламдық білім беру жүйесі» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Конференция барысында төмендегідей мәселер бойынша талқылаулар жүргізілді:

– Шет елдердегі исламтану мамандығын дайындаудың ерекшеліктері және тәжірибесі (Түркия, Мысыр, Өзбекстан елдері бойынша);

– Исламтанушы мамандардың ұлттық қауіпсіздікті, дінаралық тұрақтылықты сақтаудағы рөлі;

– Исламтану мамандығының БББ құрылымы және мәні;

– Исламның түрлі аспектілерін зерттеу, исламдық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері және ислам көздерін түсіндіру әдістері;

– Ислам мәдени мұрасы, діни байланыс (ислам) мәселелерін, исламның заманауи және кейінгі заманғы өркениетпен қарым-қатынасын зерттеу;

– Сандық қоғамдағы исламтану маманы.

Конференцияға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы мен әл-Фараби зерттеу оралығының профессор-оқытушы құрамы мен магистрант-докторанттары, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Гуманитарлық ғылымдар факультетінің, Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, Дінтану кафедрасының, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының өкілдері қатысты.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, өзбек, араб, түрік тілдері болды. Оқу ордамызда өткен шаралар туралы сайтымыз www.kaznu.kz таныса аласыздар.

Н.Ж. Байтенова – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д.

Н. А. Орынбеков – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы,

PhD докторант.

Комментарий