Жаңалықтар | Новости

Алматыда мемлекеттік қызметке түсуге ниет білдірушілерге арналған онлайн-вебинар өтті

А.ж. 14 сәуірінде Мемлекеттік қызмет істері департаменті Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру тәртібін түсіндіру бойынша онлайн-вебинар өткізді.

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас мамандары Казжанова А.Т., Бейсембинова Г.А. мемлекеттік қызметке кіру тәртібін түсіндірді. Өз сөзінде спикерлер тестілеуді тапсыру және әңгімелесуден өту рәсімдеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметті жаңғырту аясында заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтылды.

Іс-шараға қатысушыларды сынақ тестілеуінен өту мүмкіндігі, конкурстық комиссияның үміткерлерді іріктеуінің ашықтығы, мемлекеттік органдардағы жастар практикасынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметке қабылдау, сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерді орындауға кедергі болатын аурулар мәселелері қызықтырды.

Комментарий