Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы өсті

Қазақстанда кейінгі тәулікте 2641 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін 2229 жағдай, ал 12 сәуірдегі жағдай бойынша, 2016 адамнан COVID-19 анықталған болатын.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 650, Алматы қаласы – 657, Шымкент қаласы – 111, Ақмола облысы – 85, Ақтөбе облысы – 109, Алматы облысы – 220, Атырау облысы – 113, Шығыс Қазақстан облысы – 95, Жамбыл облысы – 38, Батыс Қазақстан облысы – 117, Қарағанды облысы – 202, Қостанай облысы – 28, Қызылорда облысы – 65, Маңғыстау облысы – 52, Павлодар облысы – 45, Солтүстік Қазақстан облысы – 26, Түркістан облысы – 28.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 278 695.

Сонымен қатар, елімізде кейінгі тәулікте 2002 адам коронавирустан айығып шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 463, Алматы қаласы – 353, Шымкент қаласы – 5, Ақмола облысы – 122, Ақтөбе облысы – 105, Алматы облысы – 224, Атырау облысы – 79, Шығыс Қазақстан облысы – 46, Жамбыл облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 114, Қарағанды облысы – 138, Қостанай облысы – 228, Қызылорда облысы – 16, Маңғыстау облысы – 12, Павлодар облысы – 39, Солтүстік Қазақстан облысы – 42, Түркістан облысы – 10.

Қазақстан бойынша аурудан айыққандар саны – 239 448.

Комментарий