Жаңалықтар | Новости

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

“Қазгидромет” синоптиктері Қазақстандағы 15-17 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, кең антициклонның Қазақстанға әсері аяқталып, Батыс Сібірге қарай ығысады. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындарды өтіп, тұрақсыз ауа райы болады.

“Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Аптаның соңында солтүстік өңірлерде температуралық фон төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады”, – делінген хабарламада.

Комментарий