Жаңалықтар | Новости

Ықпалды әке ұлының үстінен қозғалған істі құрдымға жібере ме?

Инвестор болып, ірі кәсіпте пайызыңды алып отыру сауаты бар әр адамның мақсаты ғой. Алайда алаяқтарға жем болып қаламын деп екі ойласа түске кірмейтін кинода ғана көретін картиналар шынайы өмірде орын алғаны кеудеге үрей ұялатады. Осындай шытырманды бастан кешірген Алтынай есімді алматылық  тұрғынның  бүгінгі халі жылатпаса қуантпайтыны сөзсіз. 

Халықаралық компанияда 25 жылдай қызмет атқарып бар жиған- тергенінен бір күнде айрылып қалған келіншектің  енді  хостельді паналап, құқық қорғау органдарының табалдырығын тоздырудан басқа амалы қалмаған. Өзінің айтуынша8 жылдан бері сеніміне енген Олжас атты танысы  257 миллион теңгесін қолды қылып кеткен.

Қырғызстаннан картоп әкеліп ірі сауда орындарына тарату арқылы қомақты табыс табуды көрсеткен шарттармен жәбірленушіні тақырға отырғызған  күдікті  бүгінгі күні қамауға алынған. Алайда тергеу істерінің баяу жүріп жатқандығы, ешқандай мүлкінің бұғатталмауы жәбірленушінің өзін де,  адвокатын да алаңдатуда.

– Әкесі еліміздегі есімі елге белгілі азамат болғандықтан және Олжаспен де арадағы  сегіз жылдық таныстығымызға сеніп ақшаны еш ойланбастан қолына ұстатып едім», –  дейді  өзегін өкініш кернеген Алтынай. Өмір бойы  жиғаным мен екі пәтерімнің ақшасы далаға кетті деп жан ұшырған келіншектің  тағдыры әлі қыл үстінде десек артық айтқандық болмас. Енді материалдық шығын өтеліп, алаяқ жазаланса ғана Алтынайдың да көңілі орнына түсері сөзсіз. Өзінің айтуынша, тергеудегі күдікті Олжас Сыдықов Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовтың ұлы. Жәбірленуші тарап істің  тұралап тұрғаны әкесінің ықпалы деп есептейді.

Индира ШАЙЗАДА

 

Комментарий