Жаңалықтар | Новости

Камила Әділхан: Анам екеуміз құлайын деп тұрған пәтерде тұрдық, вокзалда түнеген кезіміз болды

Қалаулымдық Камила Әділхан блогер-миллионер. Жас ана өткен күнін сағынышпен еске алады. Бүгінгі күнге тек арман мен еңбек арқылы келгенін айтады. Бір кездері анасы екеуі далада түнеген бойжеткен анасына үлкен үй алып берді.

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды деп жазады stan.kz.

Камила Әділхан анасы екеуі бірнеше пәтерде тұрған. Вокзалда, әуежайда түнеген кездеріміз болды дейді өзі. Жастайынан еті тірі бойжеткен пәтерден пәтерге көшіп жүріп, анама үй алып беремін деген арман жолында барын салды.

“Анам екеуміз небір пәтерде тұрдық. Бір бөлмелі пәтерде тұрдық. Бір пәтер ғана жақсы еді. Иісі жоқ, керемет пәтер болды. Оған дейін құлайын деп тұрған үйде де тұрдық. Анам екеумізді менің жатақханама кіргізбей қойып, вокзалда түнеген кезіміз болды. Әуежайда түнеген кездеріміз болды. Туыстарымыз үйіне кіргізбеген жағдайлар болған. Қазір айтсам, кейбіреулер сенбей жатады. Бәрін оқырмандарыма көрсеттім. Мені шынайылығым үшін жақсы көрді. Желідегі тұрақты оқырмандарым біздің неден өткеніміздің бәрін біледі.


Камила: Мен Мағжанға өзім ғашық болып қалдым, бірақ сезімімді білдірген жоқпын


90 мың оқырманым бар кезде сондай жағдайларды көрсеттім. Анам 80 мың теңге жалақы үшін жұмыс істедім. Мен тойға шығып биледім. Солай ақша таптым. Аптасына 10 мың теңге тауып жүрдім. Сол кезде анама үй алып беремін деп уәде еткен едім. Кейін уәдемді орындап, Алматыдан үш бөлмелі үй алып бердім”, – деді Камила.

“Блогердің жұмысы оңай емес. Біз 24 сағат жұмыс істейміз. Бізде демалыс деген жоқ. Сондықтан бәрі еңбекпен келеді. Елдер менің жұмысымды сынға алып жатады. Оңай ақша, жеңіл жұмыс дейді. Бұл үлкен жұмыс. Оған дайын болу керек. Анам жағдайдың қиындығына қарамастан мені өнерге үйретті. Домбыра, би мектептеріне берді. 4 мектепте оқыдым. Менен үміт күтті. Анамның арқасында көпшілікпен жұмыс істедім. Тойда би биледім. Шоу-бизнесте жүрдім. Университет атынан байқауға қатыстым. Осылайша блогерлікке келдім”, – деді Камила.

Айтуынша, қай жерде болмасын өзі бірінші болғанды жақсы көреді.

“Мен бала кезімнен көшбасшы болғанды жақсы көрдім. Қошеметті жақсы көрдім. Тойда бәрін өзіме қаратқанды жақсы көрдім. Желіде де өзіме  лүпіл басып, жақсы пікір айтқанын қалап тұрам”, – деді жас ана.

Комментарий