Жаңалықтар | Новости

Бір тәулікте коронавирустан қайтыс болған 24 адамның 11-і – алматылық

11 сәуірде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жартысына жуығы Алматыдан, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі өңірлер бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын шығарды. Тек 11 сәуірде 24 адам қайтыс болған. Оның ішінде Алматыда 11 адам, Ақтөбеде 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам. Сондай-ақ, коронавирустан қайтыс болған бір жағдай Шымкент, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелген.

Коронавирус инфекциясынан Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматыда бір өлім жағдайы тіркелді.

Айта кетейік, Қазақстанда екінші тәулік бойы коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендегені байқалады. Өткен тәулікте (12 сәуірдегі мәліметтер бойынша) коронавирус инфекциясын жұқтырған 2016 жаңа жағдай тіркелді.

Комментарий