Жаңалықтар | НовостиМәдениет | Культура

Баян Алагөзова «Кешьюдің» жаңа құрамын таныстырды (фото)

2018 жылдың соңында тарап кеткен «Кешью» тобының жаңа құрамы белгілі болды деп жазады NUR.KZ.

Нарғыз, Ләззат, Балауса есімді қыздардан құралған «Кешью» тобының жаңа құрамы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Продюсер жаңа құрамды өзінің туған күн кешінде көпшілікке таныстырған.

Алайда желідегілер топты қайтадан ауыстырғанмен нәтиженің жоқтығын айтуда.

«Кешью күнде ауысатын болды ғой», «Топты жаңарта бергеннен не пайда? Одан да жауып тастау керек», «Маған Жанар, Кәмшат, Айдана топта болған уақыт ұнайды», «Кешью колледж сияқты болды ғой. Келеді. Күйеуге тиеді», «Барлығының түрі бірдей ғой», «Үш қызға бірдей макияж жасап қойған. Егіз ба дерсің».

«Осы топтың түрін жаттап үлгермейтін болдық», «Бұл топқа деген жұрттың қызығушылығы кетті ғой», «Бұл құрам да ұзаққа бармас» деп теріс пікір білдірді қарша боратты.

Сондай-ақ желідегілер жас қыздардың жас мөлшерін де сөз еткен.

«Қай жылғы қыздар?», «2000 жылғылар өнерге келе бастады ма?», «Жоқ 2001 ғой», «Ересек көрінеді екен» деп желі қолданушылары жаңа құрамды аяусыз сынға алды.

Айта кетейік, «Кешью» тобы алғаш рет 2006 жылдың 10 сәуірінде құрылған болатын.

Топтың алтын құрамы ретінде көпшілік Мөлдір Әуелбекова, Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденованы еске алады.

Ал кейін топ құрамына келген Жұлдыз Өмірғали Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі болып тұрмысқа шықты. Қазір ортақұлдары бар.

Сол секілді Ақбота Сейтмағамбет те отбасылы Дәурен Айдарқұловтан ұлды болды. Өткен жылы әнші актерге заңды түрде тұрмысқа шығып, биыл Аиша есімді сәбиді дүниеге әкелді.

Комментарий

Бөлісу | Поделится