Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда қанша адам вакцина салдырды?

Қазақстанда вакцинация басталғалы қанша адам вакцина салдырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 сәуірдегі жағдай бойынша, 313 611 адам вакцина салдырған.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 269 519-ға жетті. Оның ішінде, 234 057 адам аурудан айыққан. Жалпы 3221 адам қайтыс болды.

Елімізде халықты жаппай вакцинациялау 1 ақпанда басталған болатын.

Комментарий