Жаңалықтар | Новости

Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 24 адам қайтыс болды

Қазақстанда 9 сәуірде коронавирус пен пневмониядан 24 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

11 сәуірдегі мәлімет бойынша, 32 899 адам короновирус инфекциясынан (32 241 КВИ+ және 658 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 12 003 пациент стационарда, 20 896 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 546 адамның жағдайы ауыр;
• 163 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 99 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

 

Комментарий