Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы өсті

Қазақстанда кейінгі тәулікте 2842 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 9 сәуірдегі жағдай бойынша, 2734 адамнан инфекция анықталған еді.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 591, Алматы қаласы – 709, Шымкент қаласы – 88, Ақмола облысы – 103, Ақтөбе облысы – 202, Алматы облысы – 355, Атырау облысы – 131, Шығыс Қазақстан облысы – 60, Жамбыл облысы – 49, Батыс Қазақстан облысы – 127, Қарағанды облысы – 210, Қостанай облысы – 33, Қызылорда облысы – 42, Маңғыстау облысы – 30, Павлодар облысы – 42, Солтүстік Қазақстан облысы – 46, Түркістан облысы – 24.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 269 519.

Сонымен қатар, елімізде кейінгі тәулікте 1222 адам коронавирустан айығып шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 186, Алматы қаласы – 428, Шымкент қаласы – 5, Ақмола облысы – 39, Ақтөбе облысы – 29, Алматы облысы – 80, Атырау облысы – 158, Шығыс Қазақстан облысы – 42, Батыс Қазақстан облысы – 81, Қарағанды облысы – 98, Қызылорда облысы – 15, Маңғыстау облысы – 7, Павлодар облысы – 23, Солтүстік Қазақстан облысы – 23, Түркістан облысы – 8.

Қазақстан бойынша аурудан айыққандар саны – 234 057.

Комментарий