Жаңалықтар | Новости

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МӘСЕЛЕ КӨП

Бүгін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бақтыбай Ізімтаев өңірдің барлық аудандарына барып, іскерлермен кездесіп жүр.

Мұнайлы ауданы кәсіпкерлерімен кездесіп келді. Ауыл іскерлерін ауылшаруашылығы жерлеріне тыңайтқыш алу, шаруа қожалықтарына ауыз су жеткізу, кәсіпкерлік нысандарға инженерлік желілер тарту мәселелері алаңдатады. Оларға заң аясында қандай шаралар жасауға болатыны түсіндіріліп, мәселені шешу жолдары қарастырылды.

Ал, Жаңаөзендік кәсіпкерлер кездесуге 30 шақты бизнес өкілі келіп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Олардың басым бөлігін егістікке қажетті су мәселесі, лицензия алу, мейрамхана жұмысын қайта ашу, ауылшаруашылығы саласына несие алу, жылыжай ашу жайын қозады. Мәселен, ауыл кәсіпкері Сержан Игіліков: «20 гектар жерім бар. Соның 4 гектарына ғана су жетеді. Енді қалған жерлеріне су тартып, тіршілік нәрінің көлемін көбейту қажет. Сонда ауылшаруашылығымен айналысуға толық мүмкіндік болар еді»,- дейді.

Бақтыбай Нахуұлы болашақта су тұщыту зауытының қуаты артып, су қоры көбеймек. Сол кезде ғана мәселе біржақты болуы мүмкін деп жауап берді.

Ал, екі күн бойы Түпқараған және Маңғыстау аудандарының кәсіпкерлерімен жеке кездескен Бақтыбай Ізімтаевқа көбіне шаруа қожалықтары жұмысын жүргізу, мал шаруашылығына несие алу, субсидиялау, ауылдан фаст фуд өнімдерін дайындайтын кәсіп ашу сынды сұрақтар қойылды. Білікті маман іскерлерге заңды кеңестер беріп, жөн сілтеді. Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы тұрғыны, жеке кәсіпкер Избасаров Орынбекті қабылдады.Оған шаруа қожалығын ұйымдастыру, ашу, шығынсыз жолға қою туралы кеңес берілді. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша басшылық ететін Бақтыбай Нахуұлы алдағы уақытта да шаруалармен кездесуге дайын.

Комментарий