Жаңалықтар | Новости

Тасқала ауданында тоқсан қорытындысы талқыланды

Тасқала аудандық Пробация қызметі  Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрілігі Қылмыстық атқару Жүйесі Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің құрамдас бөлігі. Сондықтан да біздің жұмысымыз қоғамнан оқшаумен байланысты емес  жазасын өтейтіндерді қатаң қадағалап, қылмыстық-атқару заңнамасы бойынша қызмет жасай тұра, оларға әлеуметтік көмек көрсету, соның ішінде ПҚ  есебінде тұрған  сотталғандарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету біздің міңдетіміз, оларды жұмыс немесе оқуға орналастыру әрқайсысына толтырылған жеке бағдарламаға сәйкес сотталғандарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазанындағы № 1131 қаулысына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

ҚР Заңнамаларына сәйкес пробация қызметіне жүктелген міндеттер сотталғандарды есепке алу, жазасын өтеу ережелері және шарттарымен таныстыру, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып өткізу, шартты сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, қоғамдық жұмысқа тарту жазасына сотталғандарды жұмысқа орналастыру жөнінде жергілікті мемлекеттік басқару органдармен бірлесіп жұмыстану.      Сотталғандарды жазасын өтеуіне қарап, жаза өтеуін мерзімінен бұрын босатуға, немесе қоғамдық тәртіп бұзған жағдайда жазасын басқа жазаға алмастыру жөнінде сотқа ұсыныс жіберу болып табылады.

Пробациялық бақылау тағайындалған сотталғандарға  әлуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы толтырылып, психологиялық және өзге де құқықтық көмектер көрсетілуде. Қазіргі таңда Тасқала аудандық  ПҚ-нің  есебінде тұрған сотталғандардың  98 пайызы жұмыспен қамтылған және де қазіргі уақытта бағдарламадан бас тартқандар немесе мекен-жайы анықталмаған және тұрғылықты мекен жайы жоқ сотталғандар есепте жоқ.

ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №517 бірлескен бұйрығы негізінде және ҚР ІІМ-нің 2020ж. 28 тамыздағы нұсқаулығын орындау мақсатында Тасқала аудандық пробация қызметімен Тасқала АПб-нің жергілікті полиция қызметі бірлесіп Тасқала аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандардың мінез-құлқына бақылау жасау мақсатында 2021-жылдың ақпан айының  08-22-аралығында  «ПРОФИЛАКТИКА»  жедел профилактикалық іс-шарасы және 2021-жылдың наурыз айының 1524-аралығында  «ПРОБАЦИЯ»  Республикалық  профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Жыл басынан бері Тасқала аудандық  пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасынан 2-сотталған  белгіленген мерзімдері келген уақытта  түзелу жолына түсіп, өзінің тәртібін жақсы жағынан көрсеткен үшін бас бостандығынан шектеу жазасынан мерзімінен бұрын жазаны өтеуден шартты түрде босатылып   жіберілді.

Сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасынан А. және Е. есімді 2-сотталған «бас бостандығынан шектеу» жазасының шарттарымен талаптарын жүйелі түрде өрескел бұзуына байланысты Тасқала аудандық сотының қаулысымен «бас бостандығынан шектеу» жазасының өтелмеген бөлігі «бас бостандығынан айыру» жазасына ауыстырылып, жазасын өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді.

Жыл басынан бері Тасқала аудандық  пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасынан қайта қылмыс жасау фактісі орын алған жоқ.

Қортындылай келгенде сотталғандар арасында  қайта қылмыс жасау фактісін болдырмау үшін оларды осы жоғарыда көрсетілген ҚР Үкіметінің № 1131  қаулысына сәйкес ең әуелі жұмыспен қамту органдарымен өзара іс-қимылы арқылы жұмыспен қамту, мамандығы жоқ сотталғандарды кәсіптік техникалық коледждерге жолдау, барлық жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, қоғамдық ұйымдардың, партия және басқада ұйымдар өкілдерінін кіргізумен жұмыс тобын құрып қылмыстың алдын алу бағытындағы бірлескен жұмысты белсенді жүргізу қажет деп санаймын.

Қазіргі таңда Тасқала аудандық пробация қызметінің   басты мақсаты бас бостандығынан айыру жазасымен байланысты емес  жазасын өтейтіндерді қатаң қадағалап, қылмыстық-атқару заңнамасы бойынша қызмет жасай тұра, олардың түзеліп қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасу жолындағы жұмыстарын жалғастыра бермек.

 

С.Д. Джумагазиев, БҚО бойынша ҚАЖ Департаменті

      Тасқала аудандық  пробация қызметінің  аға инспекторы

      әділет аға лейтенанты 

Комментарий