Жаңалықтар | Новости

Сотталғандар адамзаттың ғарышты игеру тарихымен танысты

2021 жылғы 05 сәуірде Байқоңыр қалалық пробация қызметі мен Байқоңыр қаласының мәдениет, жастар саясаты және спорт басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен Байқоңыр қалалық мәдениет үйінде орналасқан «Байқоңыр ғарыш айлағының тарихы» мұражайында мәдени-танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шараға шамамен 15-20 сотталған қатысты.

Аталған іс-шара сотталғандардың ой-өрісі мен сана-сезіміне оң нәтиже беріп, адамзат баласының ғарышты қалай игергендігі туралы ақпараттарды білу және мұражаймен танысу арқылы рухани байлық алу мақсатында жүргізілді.

Нәтижесінде, сотталғандар экскурсияны жүргізушіге әр түрлі және жан-жақты сұрақтар қойып, ойға қонымды түсінікті, әрі толық ақпараттар алды.

Бұл іс-шара сотталғандардың сана-сезіміне тек болымды, әрі жағымды әсер қалдырып, аз да болса сотталғандардың бос уақытын пайдалы өткізуге себеп болды.

Осы тектес іс-шаралар жыл соңына дейін сотталғандардың қатысуымен өткізіліп, әрі қарай өз жалғасын табады.

А. Танбаев, Байқоңыр қалалық пробация

қызметі бөлімінің бастығы                                            

әділет капитаны                                                                                      

 

 

Комментарий