Жаңалықтар | Новости

Тергеу изоляторында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай кітап көрмесі өтті

07 сәуір атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл. Осы тарихи күн қарсаңында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінде  мерейтойға арналған кітап көрмесі өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты Қ.Мұңайтпасұлының  өмірін насихаттай отырып, қызметкерлердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу және патриоттық тәрбие беру болып табылады.
Шараға Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Абономент секторының кітапханашысы Нұрманова Аманкүл Қожабергенқызы кітап көрмесін әкеліп ұсынды.


Рухани орданың қызметкері алдымен, дала балуанының өмір жолына шолу жасады.Одан соң сөрелердегі кітаптармен таныстырып, ондағы тарихи оқиғалар мен спортшының жеткен жетістіктері туралы айтып берді.
Белдескенің белін сындырып, әлемге танылған чемпион туралы баяндалған әңгіме барысын  сала мамандары қызыға тыңдады.
Тіптен, тыңдармандар ортасынан ғибратты ғұмыр иесі туралы білгендерімен бөліскендер де болды.
«Біздің тергеу изоляторы қауіпсіздігі аралас мекеме болғандықтан,   кәсіби  шеберлігін ұштап, дене бітімін шынықтыру мақсатында жеке құрам арасында  аптасына екі рет әскери даярлық сабағы өткізіледі. Сонымен қатар   жеке құрам арасындағы спортқа бейімді қызметкерлер, ҚАЖ қызметкерлері арасында өтізілетін  қоян-қолтық ұрысы, еркін күрес жарысына қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Әлем мойындаған чемпионның ғибратты ғұмыры бүгінгі тәуелсіз еліміздің  біздей азаматтарына үлгі-өнеге болары анық-деді,  мекеменің кадр саясат тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі аға инспекторы, әділет аға лейтенанты М.Тұрымбетов.
Ия, шынында да,жұмыстарының қауырттығына қарамастан өткізілген іс-шараға қатысқанқандардың бұл іс-шарадан алары көп болды.
Дүние жүзі  таныған дала ұлының парасатты өмір-өнегесі,  қызметкерлердің бойындағы патриоттық сезімін оятып, отансүйгіштік қасиетін арттырғаны анық.

 

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Комментарий