Жаңалықтар | Новости

ШҚО-да жылжымайтын мүлік орталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Шығыс Қазақстан облысындағы жылжымайтын мүлік орталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына Тарбағатай ауданының 60 жастағы тұрғыны хабарласқан. Өз сөзінде ол 2020 жылдың қазан айында жылжымайтын мүлік агенттігі кеңсесіндегі белгісіз әйел адамның ипотекалық бағдарлама бойынша пәтерді ресімдеуге көмек көрсететіндігін айтып, 3 786 000 теңге ақша сұрағанын жеткізді.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері жылжымайтын мүлік агенттігінің 31 жастағы директорын ұстады. Қазіргі уақытта оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», – деп хабарлады ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Комментарий