Жаңалықтар | Новости

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтар келесі айда қанша күн демалатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мамыр айында үш мереке бар. 1-3 мамыр аралығында қазақстандықтар Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай демалады.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. 8 мамыр – сенбі. 9 мамыр – Жеңіс күні-жексенбіге келеді, сондықтан мереке демалыс күні дүйсенбі, 10 мамырға ауыстырылады.

Мамыр айында 13 демалыс күні болады. Наурыз айымен салыстырғанда қазақстандықтар мамыр айында бір күнге көбірек демалады.

Комментарий