Жаңалықтар | Новости

Ақтөбелік желіде тыйым салынған діни ағымды насихаттаған

Ақтөбеде 28 жастағы ер адам әлеуметтік желіде тыйым салынған діни материалдарды сақтаған. Сот шешімімен оған 145 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Сот материалдарына қарағанда, қала тұрғыны “Вконтакте” мессенджеріндегі жеке парақшасында ДАИШ террористік ұйымына тиесілі аудиожазбаны және дәстүрлі емес үгіттеуші идеолог Дарын Мубаровтың видеожазбаларын сақтаған. 28 жастағы жігіттің заңсыз әрекеті биыл ақпан айында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталды. Сотта ол өз кінәсін мойындап, болған оқиғаны растады. Алайда видеожазбаларды ешкімге таратпағанын, видеоларға тыйым салынғаны туралы білмегенін айтты. Айтуынша, ол әлеуметтік желі парағын 2009-2010 жылдары ашқан, содан бері пайдаланбаған көрінеді. Ол сотқа қатысушыларды екінші рет бұл жағдайдың қайталанбайтынына сендіруге тырысты. Сотта әлеуметтік желіге салынған дәстүрлі емес 1 аудиожазба мен 34 бейнежазба тәркіленіп, онда діни, ұлттық араздықты қоздыруға бағытталған мәліметтер қамтылғаны анықталды. Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ер адам ҚР ӘҚБтК-нің

453-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 145 мың 850 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Комментарий