Жаңалықтар | Новости

Кітап көрмесі өтті

7-сәуір қазақтың атақты палуаны Мұңайтпасов Қажымұқанның 150 жасқа толуына байланысты, ЗК-169/1 мекемесінде, мерейтойға арналған кітап көрмесі өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты: Қ.Мұңайтпасовтың өмірін насихаттай отырып, қызметкерлердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу және патриоттық тәрбие беру болып табылады.
Алдын ала шақыртылу бойынша, Қызылорда қаласы Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Абономент секторының кітапханашысы Нұрманова Аманкүл Қожабергенқызы кітап көрмесін әкеліп ұсынды.
Рухани орданың қызметкері алдымен, дала балуанының өмір жолына шолу жасады.Одан соң сөрелердегі кітаптармен таныстырып, ондағы тарихи оқиғалар мен спортшының жеткен жетістіктері туралы айтып берді.
Белдескенің белін сындырып, әлемге танылған чемпион туралы баяндалған әңгіме барысын  сала мамандары қызыға тыңдады.
Тіптен, тыңдармандар ортасынан ғибратты ғұмыр иесі туралы білгендерімен бөліскендер де болды.
-,Біздің тергеу изоляторы қауіпсіздігі аралас мекеме болғандықтан,   кәсіби  шеберлігін ұштап, дене бітімін шынықтыру мақсатында жеке құрам арасында  аптасына екі рет денешынықтыру сабақтары өтіліп тұрады.Сонымен қатар   жекқұрам арасындағы спортқа бейімді жігіттер, ҚАЖ қызметкерлері арасында өтілетін қоян-қолтық еркін күрес жарысына қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Әлем мойындаған чемпионнның ғибратты ғұмыры бүгінгі тәуелсіз еліміздің  біздей азаматтарына үлгі-өнеге болары анық-деді,  мекеменің кадр саясат тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі аға инспекторы, әділет аға лейтенанты М.Тұрымбетов.
Ия, шынында да,жұмыстарының қауырттығына қарамастан өткізілген іс-шараға қатысқанқандардың бұл іс-шарадан алары көп болды.
Дүние жүзі  таныған дала ұлының парасатты өмір-өнегесі,  погондағылардың бойындағы патриоттық сезімін оятып, отансүйгіштік қасиетін арттырғаны анық.

Комментарий