Жаңалықтар | Новости

ҰЛЫНЫ ҰЛЫҚТАУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тілде аудармашысы Д.Достанова мен Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының Қызылорда облысы тілдерді оқыту орталығының оқытушы маманы А.Орынбаева қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінің  қызметкерлеріне «Хан тәңірінің мұзбалағы-М.Мақатаев» тақырыбында поэзия кешін өткізді. Ондағы мақсат ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына байланысты әндері мен өлеңдерінен мәлімет беру. Аталған шараға мекеме қызметкерлері белсенді атсалысты. Әсіресе,  мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты Д.Оспанов ақынның «Сезбейсің ғой» өлеңін жатқа оқыса, Арнайы есепке алу тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты М. Табылғанова «Үш бақытым» өлеңін  оқып берді.

Жиын соңы «қарап оқы» бөліммен аяқталып, ақынның сөзіне жазылған әндерін жанды дауыста шырқады.

Қатысушылар әсерлі де тартымды өткен поэзия кешінен  рухани азық алды.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Комментарий