Жаңалықтар | Новости

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5  мекемесінің жеке құрам қызметкерлері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс » атты акция аясында облыстық қан орталығына барып, өз еріктерімен донор ретінде қан тапсырды.

Алдымен дәрігерлер қызметкерлердің донор болуға жарамды немесе жарамсыз екендіктерін анықтап, медициналық тексерістен өткізді. Қан қысымын, гемоглобин деңгейін және диспансерлік есепте тұратындарын анықтады. Толық тексерістен өткеннен кейін ғана донор болуға дәрігер рұқсат береді. Қызметкерлердің қатарында бірнеше рет донор атанған азаматтар да бар.

«Бір тамшы қан – өмірге араша»  демекші, өмірі бір тамшы қанға тәуелді қаншама жандар бар. Қан тапсыру арқылы қаншама адамның денсаулығының жақсаруына қол ұшымызды береміз. Жеке құрам қызметкерлерімен ерікті түрде қан бергеніміз  азаматтық борышымыз, мұқтаж жандарға көмегіміз»,- деді мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Е.Маханов.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Комментарий