Жаңалықтар | Новости

ІІМ Алматы академиясында онлайн форматта ІІО басшы құрамды даярлау факультеті ашылды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халықына жолдауында «Өзгерістердің басты мақсаты – халықтың қауіпсіздігі мен әділеттілік, заңның бәрінен жоғары тұруын қамтамасыз ету» деген болатын. Осыған орай, ІІМ Алматы академиясында онлайн форматта ІІО басшы құрамды даярлау факультетінің ашылуы өтті. Факультет тыңдаушыларын алғашқы қабылдау алдында Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев құттықтау сөз сөйледі.

Министр «Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының тапсырмасын орындау үшін ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Ол, ең алдымен, полицияның ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге, азаматтардың сенім деңгейін арттыруға және олардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған. Осыған байланысты кадр жұмысына және тәртіп сақшыларының біліктілігін арттыруға үлкен мән беріледі. Полиция ведомствосының басшысы жаңа факультеттің ашылуының алдында үлкен талдау жұмыстары жүргізілді. Ішкі істер министрлігінде ІІО басшы құрамын даярлау бойынша арнайы оқу орындарының әлемдік практикасы зерделенді. Ұлыбритания, Германия, Жапония және Ресейдің озық тәжірибесі негізге алынды. Аталған елдерде басшылық құрам басқарушылық, техникалық және коммуникативтік дағдыларды, көшбасшылық қабілеттерді дамытуға жүйелі түрде оқытылады”, – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Осыған байланысты ІІО ның жұмысына оның ішінде кадр жұмысына және тәртіп сақшыларының біліктілігін арттыру үшін Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевтың бастамасымен Алматы академиясында ІІО жоғары басшы құрам мен орта басшы құрамды даярлауға арналған факулттердің ашылуына ықпал етті. Бұл ІІО үшін жаңа серпін болары сөзсіз.

Оқу бағдарламасы үш ай оқытылады. Факультет тыңдаушылары кең ауқымды бағыттар бойынша 12 модульді оқып шығатын болады. Факультетте курстың табысты өтуі ашық мансаптық ілгерілеуге, ІІМ орталық аппараты департаменттерінің басшылары мен аумақтық бөлімшелердің бірінші басшыларын қызметке тағайындауға ықпал ететін болады.

Бұл ішкі істер органдарының жүйесі үшін өте маңызды оқиға болып саналады,- дейді Академия бастығы, полиция полковнигі А.Сайтбеков,- Біздің академиямызға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепілдігі ретінде келешек Қазақстан полициясын транформациялаудың болашағы нық сеніммен жоғары деңгейге жетуіне академиялық курстар ықпал ететінін әрі өз нәтижесін беретінін жеткізді.

Комментарий