Жаңалықтар | Новости

Семейде құтқарушылар отқа оранған жер үйден 2 газ баллонын алып шықты

Семей қаласында құтқарушылар өртенген жер үйден 2 газ баллонын алып шықты.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі Қостанай көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл келіп жетті.
«Тілсіз жау үй шатырының ағаш құрылымдары мен жанамалай салынған шаруашылық қора-жайды шарпыды. Өрт сөндірушілер жанып жатқан бөлмеден 2 газ баллонын шығарып үлгерген. Көп ұзамай өрт толықтай сөндірілді. Қызыл жалынның жалпы ауданы 35 шаршы метрді құраған», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – отты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін.
Осы ретте, ТЖД өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Өрт болған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласу қажет.
Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Комментарий