Жаңалықтар | Новости

Пробация есебіндегі жеке кәсіпкер кездесуге қатысты

Жақында  Арал аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Е.Талекеновтің төрағалығымен жас кәсіпкерлердің тың идеяларын дамыту мен кәсіпкерлікке деген ынталарын арттыру мақсатында «Kásipkerlikti ózińnen basta» тақырыбында еркін форматта кездесу өтті.
Осы кездесуге 2020 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы аясында бір айлық кәсіпкерлік курсын аяқтап, қайтарымсыз грант алып, жеке кәсібін ашқан пробация есебіндегі Н.есімді азамат қатысып, өз кәсібі туралы ойымен бөлісті. «Көз қорқақ қол батыр»,- деп бекер айтылмайды. Кәсіпкер болуда өзімді сынап көрейін деп шештім. Мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, мал шаруашылығымен айналысып жатырмын. Мақсат қоя білсең, қолыңнан келмейтін нәрсе жоқ екенін түсінесің дейді.
Кездесу барысында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының жеке кәсіпкерлерінің өнімдерінен көрме көрсетілді.
Қатысушы азаматтарға облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының маманы Ә.Асылхан кәсіпкерлерді қолдау мақсатындағы мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат берді.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Комментарий