Жаңалықтар | Новости

Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталады?

Алматы әкімдігі қалада жылыту маусымы қашан аяқталатынына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы «Қазгидрометке» сәуірдегі ауа температурасын анықтау үшін сауал жолданатынын хабарлады.

Ведомство жылыту маусымы ауа температурасы тұрақталған кезде ғана өшірілетінін айтты.

«Алматы қаласында жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларының 6-тармағы 25-тармақшасына сәйкес күнтізбелік бес күн бойы сыртқы ауаның тұрақты орташа температурасы +8 градус және одан жоғары болған кезде Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды», — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Комментарий