Жаңалықтар | Новости

Коронавирус жұқтыру дерегі 30 пайызға артты – Цой

Наурызда Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі ақпанмен салыстырғанда 30 пайызға артты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Наурызда коронавирус жұқтыру дерегі ақпанмен салыстырғанда 30 пайызға артты – тәулігіне 1800-ге жуық науқас тіркелді. Сәуірдің бес күнінде 9 983 жағдай тіркелді, күніне 2 мың адамға дейін ауырып жатыр”, – деді Цой үкімет отырысында.

Оның айтуынша, науқастар саны артуы ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамдардың айналымымен байланысты.

“Аймақ әкімдері төсек-орын мен жедел медициналық көмек көрсететін мобильді бригадаларды дайындау бойынша шаралар қабылдауы қажет”, – деді ведомство басшысы.

Комментарий