Жаңалықтар | Новости

“Шымкентский, Найманский вариант. Ең сорлы адамның айтатын сөзі” – Сәкен Майғазиев

Сәкен Майғазиев қызметі, шығармашылығы мен өмірлік ұстанымы жайлы баяндады. Өнер адамдарына басшы болуға емес, өнерге қызмет етуді қалайтын өнер өкілі басшылық қызметке келуінің себебін ашып айтты. Одан басқа да жаңалықтарын айтты.

Бұл туралы әнші “Жиырма бесінші сағат” бағдарламасында айтты, деп жазады stan.kz.

“Музарт” тобының мүшесі, әнші, Сәкен Майғазиев жақында Шымкент қаласындағы Шымкент қалалық мәдениет үйіне басшылық қызметке келді. Әншіні мемлекеттен бөлінген қаржыны жұмсады деп айыптағандар табылды. Бұған қатысты Майғазиев толыққанды жауап беріп өтті. Майғазиев басшылық қызметке не себепті келгенін ашып айтты.

“Маған басшылық қызметті ұсынып Шымкентке шақырғанда бір-екі күн ойландым. Анама хабарластым. Анам ауылға жақындайтыныма қуанып, батасын берді. Екінші әйеліммен ақылдастым. Әйелім де Шымкентте жақсы көреді. Баратыныма қуанды. Одан кейін өнердегі ағаларыма хабарласып, кеңес сұрадым. Мейрамбек те, басқа жігіттерді сәттілік тілеп, қолдау көрсетті. Осылайша көптің қолдауымнен Шымкентке бардым. Мейрамбектің бір сөзі бар.

“Өнер адамдары басшылық қызметке келсе, өнерді емес, өнер адамдарын басқаруым керек екен деп ойлайды” дейді. Шындығында да, солай. Мен өнер адамдарын басқаруға емес, өнерге қызмет етуге келдім. Шымкенттің, Түркістанның дамуыма үлес қосайы деп келдім. Ақан ағам “қалай баруды емес, әдімі кетуді ойла” деді. Бұдан артық ешқандай кеңес те, көмек те керек емес деп ойлаймын”, – деді Майғазиев.

Сәкен Майғазиев өзінің  халық алдықда жүрсе де, жанармайға ақша таппай қалатын кезіміз болады дейді. Ал қарыз сұрайтын адамың – ең жақын адамың деген ойда.

“Өмірде егер біреуден ұялмай қарыз сұрай алсаң – ол сенің ең жақын адамың. Себебі, сен оған ақшаң жоқ екенін ұялмай айта аласың. Оның алдында кішірейе аласың, кемшілігіңді көрсетуға ұялмайсың. Өзің туралы не ойлайды деп қорықпайсың. Жақын адамыңа ғана солай ашыла аласың. Менің небір миллионер достарым бар. Олардан ешқашан қарыз сұрай алмауым мүмкін. Себебі, мен туралы жаман ойлап қалмаса екен, ақшасы жоқ екен деп қалмаса екен деп қорқуым мүмкін. Қандай да бір арада шекара болады. Жақсы жағынан ғана көрініп жүрсем екен деп қорқуым мүмкін”, – деді әнші.

Майғазиев өзінің адал жолда қызмет етіп жүргенін айтады. Сондықтан өзі туралы ғайбат айтқандарда, өзін пйдаланып жүргендерде шаруасы жоқ.

“Менің ешкімде шаруам жоқ. Мен ешкім туралы жаман ойламаймын. Мен иман келтірген адаммын. Мен туралы жаман айтатындарда шаруам жоқ. Ең жек көретін сөз – Шымкентский вариант деген әңгіме. Найманский вариант. Қазақ десе, өзіңе тиеді деген сөздер. Бұл сөзді иттің етінен жек көрем. Ең сорлы адамның айтатын сөзі. Мені ел ойлайды. Бірден алып, бірге салып, ақша жасап, өз пайдасын жасап қалған адам деп ойлайды. Мен ондай адам емеспін”, – деді әнші.

Комментарий