Жаңалықтар | Новости

МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІН АЛУ

Сақ болмасаңыз алаяқтың арбауына оңай түсетін бүгінгідей заманда құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы зор. Ол үшін білікті заң көмегін алуға айрықша мән берген жөн. Бұл құқық Конституциямен көзделген. Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарында белгіленген ережелерге сәйкес, әр азамат заң көмегін алуға құқылы,  заң көмегі  құқықтық ақпарат, құқықтық кеңес беру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау,  клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін өзге құқықтық әрекеттер жасау түрінде көрсетіледі.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі – заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негізде және тәртіпте тегін негізде көрсетілетін заң көмегі болып табылады.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегінің бірнеше нысандары бар. Олар құқықтық ақпарат беру, құқықтық консультация беру, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР-ның заңында және өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіпте жеке тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық ізге түсу органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру, жеке сот орындаушыларының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеу шараларын қолдану болып табылады.

Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету келесі принциптерге негізделеді:

  • заңдылық;
  • мемлекетпен кепілдендірілген тегін заңды көмекке мұқтаж жеке және заңды

тұлғалардың заңды мүдделері және бостандықтары, құқықтарының артықшылығы;

  • мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек сапасы және тең қол жетімділігі;
  • мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек көрсетілетін мәселенің

құпиялылығын қамтамасыз ету;

  • мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету сапасы, мемлекетпен

кепілдендірілген заңды көмек көрсететін адамдардың сақтауын бақылау және тиімді мемлекеттік реттеу.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілер – мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар болып табылады.

Заң көмегін өз құзыреті мемлекеттік органдар, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары, заң көмегін көрсетіп жүрген және заң көмегін көрсететін тұлғалардың міндетті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымдарында және заң консультанттарының палаталарында тұрмайтын жеке тұлғалар көрсетеді.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат беру түрінде тегін алуға барлық жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.

Құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі төмендегі тұлғаларға «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі:

1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаға;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;

3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге;

4) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға.

Сонымен қатар, айта кететін жайт мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту жағдайы туындайтын да кездер болады.

Құқықтық кеңес беру және өкілдік түрінде мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсетуде өтініш иесі мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті алуға құқығы бар адамдар санатына жатпаса; өтініш иесінің өтініші құқықтық сипатқа ие болмаса  яғни аталған талаптардың бірі болған жағдайларда  бас тартылады.

Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек көрсетуден бас тарту уәжді болуы тиіс және сот немесе прокуратура, жоғары сатылы органға шағым бере алады.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлға көмек көрсету туралы өтінішхатпен тиісті субьектіге жүгіне алады.

Өткен жылы Шымкент қаласының Әділет департаментімен мемлекет кепілдік берген заң көмегі 5912  азаматқа көрсетілген. Биылғы жылы да аталған бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша анықтама алу үшін Шымкент қаласының Әділет департаментінде  +8 (7252)35-33-68 телефон нөмірі үзіліссіз жұмыс жасайтындығын азаматтарға құлақ қағыс етеміз.

Бұдан бөлек айта кетерлік маңызды ақпарат, егер сіз өз құқығыңыз туралы, соның ішінде қандай да бір құжатты алу, заңды тұлғаны немесе жылжымайтын мүлікті тіркеу тәртібі туралы толық білгіңіз келсе,  Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат қызметінің кеңесшілеріне қоңырау шалу мүмкіндігі қарастырылған.
⠀Құқықтық кеңесті келесі телефондар арқылы алуға болады:
– Қазақстан бойынша стационарлық телефондардан 119 нөміріне тегін;
– Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары үшін 58-00-58 нөмірі бойынша тегін;
– ұялы телефондардан +7 (7172) 58-00-58 нөміріне желі операторының тарифіне сәйкес жүргізіледі.
⠀Құқықтық кеңес мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі.
Қызмет көрсету тәулік бойы және демалыссыз 24/7 жұмыс істейді.
⠀Сондай-ақ сұрақтарыңызды  WhatsApp (+77086935631) онлайн-мессенджері арқылы жолдауға болады.

 

Перизат Шарахмет, Шымкент қаласының  Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету  бөлімінің бас маманының уақытша міндетін атқарушы

                                                                                                                                       

Комментарий