Судья мінбері | Судебная система

Жолдау жүктеген міндеттер

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт-Тоқаев халыққа 2020 жылғы 1 қыркүйектегінде «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталатын жолдауын жариялады. Осы жолдаудың астарында талай мән жатыр. Зерделей қарасақ, маңызды құжат тек елге жол сілтемейді заман мен уақыттың қатал сынына төтеп беруде нақты не істеу қажеттігін, сол жолдан қалай сүрінбей өту керектігін көрсетіп беруде. Аталған жолдауда тайға таңба басылғандай жазылған “Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек деп көрсеткен.

Жолдаудың «Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында» деп аталатын VIII тарауында сот саласына нақты мәселелер көтеріліп, міндеттер жүктелді. «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайтынын» атады ол “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” – бұл, шын мәнісінде, “Әділетті мемлекет” құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет деді.

Сондай-ақ, Президент құқықтық мемлекеттің маңызды шарты – туралықтан танбайтын əділ сот төрелігінің болуын. Сот жарыспалы қағидат бойынша жүруге жəне судья айыптаушы жаққа тəуелді болмауға тиіс. Сол үшін адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажет. Қоғамның соттарға деген сенімін орнықтыру басымдығы бар мақсатқа айналуы керек. Бұған мемлекет пен судьялар корпусының өз күштерін жұмылдыруы арқасында ғана қол жеткізуге болтынын атады.

Сот жүйесінде орын алған өзгерістердің барлығы сот жүйесін жаңа сатыға көтеріп, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған шешім.

Д.А.Мадемаров,

Тараз қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының судьясы

 

Комментарий