Жаңалықтар | Новости

Автокөлік ұрлығымен күрес: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД келісімшартына көлік ұрлаумен күрес туралы түзетулерді ратификациялайтын заңға қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

“Мемлекет басшысы “2005 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.

Құжаттың басты мақсаты – ұрланған автокөлік иелерінің құқықтарын қорғау және оны заңды иелеріне қайтару мәселелерін жедел шешу механизмін анықтау.

ТМД елдерінде автокөлік ұрлаумен бірлесіп күресу үшін тіркеуден шығарылған және бұзылған автомобильдер туралы ақпарат жазылатын мәліметтер базасы құрылады.

Комментарий