Жаңалықтар | Новости

Дәурен Айдарқұлов: Қанша өмір сүретінім белгісіз

Дәурен Айдарқұлов желіде жазба жариялап, өмір мен өлім туралы сөз қозғады. Өлімді еске алды. Күйзелістен арылудың қарапайым жолын айтты, деп жазады stan.kz.

“Адамның көңіл-күйі жоқ, сөйлемейтін, ашулы кезі болады. Оған әртүрлі жағда себеп болады. Отбасылық қатынас, жұмыстағы жағдай, қаржылық мәселелер тағы басқалар.

Мұндайда үлкен істерді шешіп, шешім қабылдауға болмайтынын білем. Мен бұндайд бұрынғы әдісіме басып, уақыт емші деп жүретінмін. Уақыт өткен сайын өзімді тұқыртамын. Өзімді жегідей жеймін. Айлап, жылдап уақытты өткізуге болады. Уақыт өте бәрі оңалады деп сенуне болады. Бірақ бұл уақытта адамның өзі қиналады.

 

Енді жаңа әдіс таптым. Махаббат, достық, отбасылық, қандай жағдайға тап келсеңіз де, өлімді еске алыңыз. Өлімнен кейін бәрі тоқтайды. Сондықтан тірі кезімде адамдарға көмектесіп, елге жақсылық жасап, жылылық сыйлақ, жақсы көріп, жақсы қатынас құрғым келеді.

Адамдар жақсы жаққа қарай өзгеруге құлықты. Мен қанша өмір сүретінімді білмеймін. Өлімнен қашу мүмкін емес. Тірі күнімде жақсы көріп, құрметтеп, менің жанымда барды бағалаймын”, – деді актер

Желідегі достары мен оқырмандары қолдау білдірді.

“Бауырым, бәрі жақсы болады”, – деді актер Құмар Лұқманов.

“Намаз оқысаңыз, сабырлы боласыз”, “Дәурен, айналайын жақсыны ойла. Сен мықты жігітсің”, “Алла сен қалағаннан да жақсы нәрсені сыйласын”, “Жақсы әдіс екен”, “Өлімді жиі еске алу керек”, – деді олар.

Комментарий