Жаңалықтар | Новости

Қызылордада «Бос жұмыс орындары жәрмекесі» өтті

Бүгін Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.

Жәрмеңкеге  11 жұмыс беруші мекемеден  27 бос жұмыс орындары ұсынылды. Қалалық пробация  қызметінің  есебінде тұрған 9  азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Жұмыс беруші мекемелерден  электрик, слесарь, жүргізуші, есепші, аспазшы, тігінші мамандықтарына сұраныстар көп болды. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған  5 азамат  «Sinooil» ЖШС, «Алтай Торг Сервис»ЖШС, «Автомобиль жол басқармасы»ЖШС  мекемелеріне  жұмысшы ретінде  жолдама алды.

«Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен  қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі болып табылады. Жыл басынан  32 есептегі азамат  тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің  қаулысымен жұмыс орындарына квота бекітілген. Есептегі жұмыссыз 24 адам  квотамен жұмысқа орналасты»,- деді қалалық пробация қызметінің  бастығы  әділет подполковнигі Б.Наурызбаев.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

 

Комментарий