Бас тақырып | Тема дняҚоғам | Общество

ҰБТ-ның бірінші күні 3 500 түлек межеден аса алмады

ҰБТ-ның бірінші күні 3 434 түлек межеден аса алмады. Бұл туралы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші ағымына республика бойынша 12 772 мектеп түлегі қатысты, оның ішінде қазақ тілінде — 11 361, орыс тілінде — 1 411 адам. 20 маусымда ең жоғары балл 140-тың 137-ін жинады «Бес пән бойынша орташа балл 74,2 болды. Өту балынан асқан қатысушылар саны — 9 338, өтпеген қатысушылар саны — 3 434. Жалпы 13 068 түлек қатысады деп жоспарланған», — деді Әділет Тойбаев. Қатысушылардың жалпы санынан «математика — физика» комбинациясын 3  963 түлек (білім беру бағдарламаларының 25 тобы, негізінен білім саласы бойынша «6B07 инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары»), «химия — биология» комбинациясын — 2683 (білім беру бағдарламаларының 16 тобы, негізінен білім саласы бойынша «6B07 инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және 6B10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) таңдап алды. «Химия-физика» комбинациясын таңдағандар аз болған.  Айта кетейік, 20 маусымда Қазақстанда ҰБТ басталды. ҰБТ 20-30 маусым арасында өтеді. Биыл тестілеуге 117 242 адам қатысады. Нұр-Сұлтанда олардың саны — 6 274.

Комментарий