Жаңалықтар | НовостиЭкономика

Одақта Қазақстан машина жасау саласын дамыту жайы талқыланды

Машина жасау саласы өндірісін  қолдау мақсатында Үкімет бизнес-қоғамдастық әзірлеген қолдау шараларын қабылдаған болатын.

Оның ішінде: машина жасау саласындағы кәсіпорындарға еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру; несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру; квазимемлекеттік секторды сатып алуда өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарымен оффтейк келісімшарттар жасасу мүмкіндігі; арнайы және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға арналған қаражаттың төмендеуіне жол бермеу; сондай-ақ бизнес ахуалды жақсарту және жаңа жобаларды құру мәселелері бойынша ҚР Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне заңнамалық деңгейде толықтырулар мен өзгерістер де енгізілді.

Сондықтан наурыздың аяғында Қазақстан машина жасаушылар одағының жалпы жиналысы болды. “Осы және басқа да қабылданған шаралар оң нәтиже берді. Олар өндіріс көлемін сақтап қана қоймай, ұлғайтуға да мүмкіндік берді» деді одақтың   басқарма төрағасы  Мейрам Пішембаев. Оның айтуынша,  отандық машина жасау саласы қазіргі уақытта қарқынды дамуын жалғастырып келе жатыр.  2020 жылы Қазақстан машина жасаушылар одағының қатысуымен ҚР Үкіметі «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңының жобасын әзірледі және Өнеркәсіпті дамыту қорын, мұнай-газ машинасын жасауды дамыту жөніндегі халықаралық орталық  құруды мақұлдады. Бұл дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру және саланы одан әрі дамыту үшін серпін береді деп жоспарлануда.

Мадина ДӘУЛЕН.

 

Комментарий