Жаңалықтар | Новости

ЗК-169/1 мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері сенбілікте жеміс ағашын отырғызды

Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, алғашқы сенбілігінде сәбилер үйіне барып, жеміс ағашын отырғызды.
Мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Қ.Олжабаевтің айтуы бойынша, жеке құрамның қолдауымен, қайырымдылық шарасына 30 түп
көшет сатып алынды. Бұл шара Республика көлемінде болып жатқан «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына  30 игі іс» акциясына үн қосу мақсатында ұйымдастырылды.
«Облыстық мамандандырылған сәбилер үйі» шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Шадаева Айнұр Өміртаевна погондағыларды жылы шыраймен қарсы алып, жас шыбықтарды отырғызатын орынды көрсетті.
Тәрбие бөлімінің теологы, әділет аға лейтенанты Қ.Пазылов пен Режим және Күзет бөлімінің бақылаушысы, әділет лейтенанты М.Сауранбай талшыбықтарын лезде отырғызып, мекеме басшылығы атынан алғыс алды.
Қаламыздағы тергеу изоляторының қызметкерлері бұған дейін де, бірнеше рет қайырымдылық жасап, сәбилерімізге ең қажетті ойыншықтарды сыйға тартқан болатын.Бүгінгі әкелінген наурыз  көшеттері балаларымызбен бірге көктеп, көгеріп, жемісі мол мәуелі ағаш болып өсетініне сенімдіміз. Құқық қызметкерлеріне, мекеме аумағын абаттандыруға қосқан үлестері үшін, ризашылығымызды білдіреміз, — деді бас дәрігер Гүлсім Естайқызы.
Қызметтік міндеттерінің қыйындығы мен қауырттығына қарамастан,   шен таққандар шағбан айында осындай  ізгі амал жасап, адамгершілік, отансүйгіштік  қасиеттерінің басым екедігін   танытты.

Комментарий