Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | Новости

Алматы әкімі COVID-19 станционарының маңында жиналған жедел жәрдем көліктері жайлы түсініктеме берді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев COVID-19 науқастарына арналған стационарда жедел жәрдем көліктерінің жиналуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде Алматы көшелерінің біріндегі жедел жәрдем  көліктерінің жиналғаны түсірілген сурет талқыланып жатыр.

“Барлық аурухана және емхана бас дәрігерлерімен күн сайын байланыста отырамыз. Дегдар көшесінде (коронавирус жұқтырған науқастар жататын аурухана орналасқан) бір уақытта бірнеше жедел жәрдем көліктері жиналған жағдай болды. Өйткені сол кезде ауруханада бос төсектер саны көп болған. Қазір мұндай жағдай жоқ”, – деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесі пациенттердің ағынымен күресіп жатқанын атап өтті. Жұқпалы ауруханаларда төсектердің 25 пайызы бос.

Бұған дейін қала әкімі Алматыда коронавирустың үшінші толқыны басталғанын мәлім етті.

Комментарий