Жаңалықтар | Новости

Нұрсұлтан Назарбаев 50 мың доллар көрімдік берді — Дулыға Ақмолда

Кино және театр актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда өнер жолына қалай аяқ басқанын, Нұрсұлтан Назарбаев берген сыйақыға қалай пәтерлі болғанын айтып берді.

Бұл туралы «Ең алғашқы» бағдарламасында қонақ болды, деп жазады stan.kz.

Дулыға Ақмолда Ерлан Біләл және Асылбек Боранбаевпен бірге Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасына оқуға түскен. Ауылдан келсе де, аса аңғал емес, көзінде ойы бар жіңішкелеу келген жас жігіт Тұңғышбай Жаманқұловтың көзіне бірден түседі. Сабаққа тыңғылықты дайындықпен келетін үштікті ұстаздары Тұңғышбай Жаманқұлов «моя великолепная тройка» деп атапты. Үшеуі де оқуды қызыл дипломмен бітіріп, 3-курста М. Әуезов атындағы драма театрға жұмысқа қабылданған.

90-жылдары Әуезов театрына басшы болып тағайындалған Тұңғышбай Жаманқұлов қиын кездерде жас актерлерді қалай баспаналы қылғанын айтып берді.

«Сол кездерде Әуезов театрына басшы болып тағайындалдым. 90-жылдар өте бір қиын кездер еді. Сол кезде мен барлық мүмкіндіктерімді пайдаланып, Әуезов театрындағы жастарға үй алып беруге білек шеше кірістім. Солардың ішінде Дулыға да бар. Бірде біздің спектакльге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді. Біздің қойған спектаклімізді көріп, өте қатты риза болды да, көрімдік беріп кетті. Ол 50 мың доллар болатын. Соған түгелдей он шақты пәтер сатып алдым да, бүкіл коллективке бір-бір айлықтан елбасымыздың берген сүйіншісінен сыйақы жасадым», — деп өткенді еске алды ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.

Комментарий