Жаңалықтар | Новости

COVID-19 жұқтырған мұғалімдер мен оқушылардың саны жарияланды

Қазақстанда 2 834 мұғалім және 11 497 оқушы коронавируспен ауырды, деп атап өтті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған мұғалімдер мен оқушылардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“Қазақстанда 2 834 мұғалім және 11 497 оқушы коронавируспен ауырды”, – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Марал Рахымжанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, өткен тәулікте республика бойынша 1 100 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР-тестпен расталды. Жалпы, пандемия басталғалы бері 237 300 адамнан вирус табылды. Олардың басым бөлігі жазылып шықты

Комментарий