Жаңалықтар | Новости

Нур-Сұлтанның бас санитария дәрігері карантинді күшейту туралы айтты

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова елордада карантинді қатаңдату мүмкіндігі туралы айтты. Эпиджағдай нашарласа санитар дәрігерлер сенбі күні кейбір нысан жұмысын шектеу мәселесін қарастырады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы жағдай алаңдатушылық туғызып отырғанын айтты.

“Егер жағдай бұдан да нашарласа, онда экономикалық нысандарды белгілі бір шектеу шараларына арналған қаулының неғұрлым қатаң нұсқасы бойынша мәселе қаралатын болады”, – деді Бейсенова.

“Қызыл” аймаққа кірген сәттен бастап шектеу шараларын қатаңдату жөнінде қаулы қабылданды. Тұрғындар арасында инфекция жұқтыру дерегін ескере отырып, жексенбі күндері шектеу шаралары мен жұмыс істеуге тыйым салынды. Егер қалада неғұрлым күрделі жағдай байқалса, сенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салуды қатаңдату және кейбір нысандардың жұмыс режимі бойынша жұмысын шектеу туралы мәселе қаралатын болады.

Елордада бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырған 230 адам тіркелген. Бұл жағдай өткен жылғы жаз мезгіліне ұқсас екенін айтты, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Қалада коронавирус жұқтырғандарға ауыруханалардан қосымша 300 төсек орны ашылып жатыр.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан тұрғындарын вакциналау сәуірдің екінші жартысынан басталатынын хабарланған болатын.

Комментарий