Жаңалықтар | Новости

ҚАЖ қызметкерлеріне азаматтардың өтініштерін қабылдау бойынша оқыту сабағы өтті

Мемлекет басшысының және Президент Әкімшілігінің тапсырмасын орындау шеңберінде «е-Өтініш» және «Нәтиже» жобаларын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қойылған міндеттерді іске асыру бағытында 25.03.2021жылы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының HR және СМЖ дамыту басқармасының Бас HR менеджері Пірімжанов Мейірбек Әбутәліпұлы және HR менеджер Майра Бихожаева «ZOOM»бағдарламасы арқылы оқыту өткізді. Оқыту мақсаты –  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы  іске асыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, олармен жұмыс істеу бойынша ақпараттық ортасын қалыптастыру.

Оқыту сабағына ҚАЖ департаментінің қызмет салалары, ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелері, «Еңбек- Қызылорда» РМК филиалының және қалалық пробация қызметі мен аудандық пробация қызметінің жауапты қызметкерлері қатысты.

 

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

 

Комментарий