Жаңалықтар | НовостиХҚКО | ЦОН

Мемлекеттік жәрдемақыны рәсімдеуге керекті құжаттар

Әйел адам үшін ана болудан асқан бақыт жоқ шығар. Босанар алдындағы машақаттардан бөлек, мемлекет төлемдерін рәсімдеу жағын да ойластыру керек.

Пайдалы ақпаратпен бөлісе отырып, біз өмірлеріңізді жеңілдетпекпіз.
Кірісінен айырылу жағдайындағы төленетін әлеуметтік төлем болашақ ананың жұмысқа жарамсыз күндерін, орташа айлық кірісін және зейнетақы төлемінің тиісті көлемін ала отырып есептеледі.

Бұл төлемді рәсімдеуге ХҚО-ға келесі құжаттар қажет:
– Жеке басын куәландыратын құжат;
– Банк шоты жайлы мәлімет;
– Жұмысқа жарамсыздық парағы;
– Егер болашақ ана жеке кәсіпкер болса, кәсіптің мемлекетік тіркеуі туралы куәліктің көшірмесі.

*Құжаттарды тіркелген мекенжайына қарасты ХҚО-ға, еңбекке жарамсыздық парағын алған сәттен бастап 1 жыл ішінде өткізуге болады.

Құжаттар толық тапсырылған соң 8 жұмыс күні ішінде төлемдердің тағайындалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді.

Комментарий