Жаңалықтар | НовостиЭкономика

Қазақстанда «Халық» қайырымдылық қорының «Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды

2021 жыл Қазақстан үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Елбасының көшбасшылығы, даналығы мен іргелі бастамаларының арқасында бірлігі жарасқан ел атандық.  Бірлігі нығайған Қазақстан қай кезде де сынақтан сүрінбей өтті.

Әз-Наурыз мерекесінде  «Халық» қоры азаматтық белсенділік танытып, «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» атты ірі науқанын қолға алды. Қор covid-19 пандемиясының және  карантиндік шаралардың салдарынан қиын жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылар үшін азық-түлік жиынтығын сатып алды.

«Халық» қайырымдылық қоры 15 000-нан астам азық-түлік себетін ұйымдастырды. Әр себетте салмағы 50 келіден асатын азық-түлік бар.  Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірінде отбасыларға таратылып жатыр.

Пандемияның алғашқы күнінен бастап, бұл ел басына түкен  сынақ екені белгілі. Осындай қиын-қыстау шақта ынтымақ пен бірліктің озық үлгісін көрсетіп, бір-бірімізге жанашыр боулымыз керек.

«Халық» қайырымдылық қоры кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін бірігіп,  «Ел тірегі – Елбасы»акциясын қолдауға шақырады.

Мұндай акция 2021 жылда бірнеше рет ұйыдастырылады деп жоспарлануда. Ел бірлігі дамудың сара жолы болып отыр. Сондықтан халықтың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын жақсарту әрбірімізге жүктелген міндет.

#30жылөзаракөмек # 30жылқолдау # ElTiregiElbasy

Комментарий