Жаңалықтар | Новости

Хабиб ресми түрде карьерасын аяқтады – UFC басшысы

UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақтағы ресейлік чемпион Хабиб Нурмагомедов “карьерасын 100 пайызға аяқтағанын” мәлімдеді , – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“29-0. Ол карьерасын ресми түрде аяқтады, 100 пайыз. Сенің қалай жұмыс істегеніңді көру керемет болды, бәріне рақмет, одан әрі болатын жағдайлардан ләззат ал, досым”, – деп жазды Дана Уайт Instagram-да.

Бұған дейін Нурмагомедов карьерасын қайта бастауды жоспарламайтынын айтқан, ол титулдарынан тезірек босатуды сұраған.

Комментарий