Жаңалықтар | Новости

Ақтөбеде келіншектің өлімі үшін айыпталған дәрігер ақталып шықты

Ақтөбе соты жеке клиникада қайтыс болған жас келіншектің өліміне қатысты үкім шығарды. Судья Теміржан Алданов акушер-гинекологтың кінәсі дәлелденбегенін айтып, оны ақтап шықты.
Қайғылы оқиға екі жыл бұрын болған. Сәбилі болуды армандаған Гүлдана Нұрмағанбетова Ақтөбедегі «Әлия» жеке клиникасында емделеді. Алайда соңғы емі кезінде дәріні ауырсынып, ота үстелінде көз жұмады. Сол күні оның жатыр түтікшесінің өткізу қабілеті тексерілген. Тергеу органдарының мәліметінше, дәрігер пациенттің алергиясы бар-жоғын тексерместен, метронидозол препаратын еккен. Жатыр ішіне салынған дәрінің әсерінен марқұм анафилактикалық шок алып, қайтыс болған. Қайғылы оқиғадан соң процедураны жасаған акушер-гинеколог Ольга Ли-Ко-Шин-Фетердің үстінен Қылмыстық Кодекстің 317 бабының 3-бөлігі (Медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін дұрыс орындамауы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы дәрігерді 2,5жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Дегенмен сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Марқұмның жұбайы да оны кешіретінін айтты. 18 наурыз күні өткен сот процесінде Ақтөбе қаласының 2 соты дәрігерді кінәсіз деп тауып, ақтау үкімін шығарды. Судья Теміржан Алдановтың сөзінше, өлімнің нақты себебі метронидозол препаратынан болғаны дәлелденбеген. Тергеу айыптау сипатында жүргізілген.

Өйткені сотта анықталғандай, медбике процедураға дейін пациентке ауырсынуды басатын көлемі 2 мг болатын»кеторолак «препаратын еккен. Бұл бекітілген мөлшерден 5 есе көп. Әрі медбике дәріні емдеуші дәрігермен келіспестен, кетонал препаратының орнына салған. Бұл келіншектің анафилактикалық шок алуына әкеп соғуы мүмкін. Тек осыдан кейін ғана дәрігер нұсқаулыққа сай, емделушіге көлемі 40мл болатын метронидозол препаратын еккен. Сот» марқұмның өліміне бұл дәрінің себеп болуы «мүмкін емес» деп санайды. Өйткені ол бұған дейін де құрамында метронизол бар препарат қабыллаған. Оның мөлшері процедура кезіндегіден 3,5есе көп болған. Бірақ Гүлдана Нұрмағанбетовада ешқандай аллергиялық әсер байқалмаған.Сот отырысы кезінде тергеу оигандарымен қатар медицина қызметкерлерінің де кемшіліктер жібергені анықталды.Жедел жәрдем 40 минуттан соң келген.Клиникада келіншекке алғашқы медициналық көмек кеш көрсетілген.Аннестизиолог-дәрігер болмаған.Химик-токсикологтар алғашында марқұмның мәйітіне сараптама жүргізу кезінде келіншектің қан құрамынан кеторал мен метрогил препараттарын таппаған. Сараптама жұмыстарына медициналық клиниканың басшысы қатысқан. Әрі бір сарапшының бірнеше сараптамада болғаны анықталды. Сотта мамандардың бірі ғылым дәлелдерге сүйеніп, науқасқа салынған екі дәрінің де анафилактикалық шок тудыруы мүмкін екендігін айтқан. Сот осыларды ескеріп, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының, полиция департаменті бастығының және облыс прокурорының атына жеке қаулы шығарды. Дәрігерді кінәсіз деп танып, ақтау үкімін шығарды.—Сотталушы Ли-Ко-Шин-Фетер ҚР Қылмыстық Кодексінің 317-бабының 3-бөлігі бойынша кінәсіз деп танылып, қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталсын. Ол қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғаны үшін өтемақы өндіруге құқылы,-деді үкімді оқыған судья Теміржан Алданов. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сол себепті тараптар үкіммен келіспеген жағдайда аппеляциялық шағым түсіре алады. Дегенмен мезгілсіз өмірден өткен 20 жастағы келіншектің қазасына кім жауап беретіндігі басы ашық күйінде қалды.

Жансая Есмағанбетова, Ақтөбе қаласы

Комментарий