Жаңалықтар | Новости

ШҚО-да жарты жыл іздеуде жүрген адам «Алматы-Өскемен» бағытындағы пойызда ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында жарты жыл іздеуде жүрген сотталған адамды ұсталды.

Пробация қызметкерлері Көкпекті ауданының полиция бөлімімен бірлесіп, «Пробация» жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде 6 айдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген сотталған адамды қолға түсірді.
20 жастағы жігіт былтыр алаяқтық жасағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелген болатын. Бірақ сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ол пробация қызметіне есепке тұруға келмей қойды. Осыдан кейін оған іздеу жарияланған.

«Ер адам «Алматы-Өскемен» пойызында ұстады. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Енді ол 3 жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді әділет аға лейтенанты Марат Төлепбергенов.

Айта кетейік, 15-24 наурыз аралығында ШҚО- да «Пробация» жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Мұндағы мақсат – құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Комментарий