Қоғам | Общество

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылдың 20-22 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ауа температурасы плюс 30-35-ке дейін, кей жерлерде 40 градусқа дейін қызады. Күн күркіреп, жел екпіні бар жаңбыр республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өтеді. “Атмосфералық қысымның жоғарылауы аясында Қазақстанның солтүстік аудандары арқылы өтетін фронттар тек кей жерлерде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады”, – делінген”Қазгидромет” РМК хабарламасында.

Комментарий