Құқық | Право

Қоғамдық жұмыстардан жалтарғаны үшін қамаққа алынды

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Алакөл аудандық №2 сотының үкімі бойынша ҚР ҚК 378-бабы 1- тармағы бойынша   60 сағат қоғамдық жұмысқа тартуға жазаланып, сотталған А., Алакөл аудандық пробация бөлімінің есебіне алынған.

Алайда, сотталушы  сот жүктеген міндеттерін орындамай пробациялық бақылаудан жалтарып, бас тартқан еді. Сол себептен Алакөл аудандық пробация қызметі бөлімінің ұсынысы бойынша Алакөл аудандық сотының қаулысымен 60 сағат қоғамдық  жұмысқа тарту түріндегі жазасы 15 тәулік қамаққа алумен ауыстырылды.

« ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің атқарылып жатқан жұмыстарына қарамастан, қоғамдық жұмыстарға тартылушылар тарапынан жаза өтеуден жалтару  жалғасуда. Сотпен жүктелген міндеттерін орындамаған әр сотталған заңды түрде жазаланатын болады», – деп атап өтті Алматы облыстық  ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Жаныбек Қосжанов.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД.

Комментарий