Жаңалықтар | НовостиҚоғам | Общество

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАР ҚАРДЫ ЕРІТІП ІШІП ЖҮР

Бұл Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылындағы бүгінгі жағдай.

Көп жылдан бері ауылда ауыз су жоқ. Аяқ су да жоқ. Сырдария өзеніне жақын отырса да, арықтарға су келмей көк қурап қалған. Ауыз су жоқ болған соң, кеше жауған қардың суын ерітіп, тұтынуға мәжбүр. Қалың жауған қардың салдарынан бірнеше күн жарықсыз да қалған. Тұрғындар қайда барып шағымданарын білмей, әлеуметтік желіге жарыса жазып жатыр.
– Ауылға қаладан ауыз су тасып жатырмыз. Себебі ауылда қарттарымыз бар, кішкентай балалар бар. Қардың суын қашанғы ішеді. Олда еріп кетуде. Жарық жоқ. Жақындарымыз әбден қиналуда, – дейді ауыл тұрғыны Ә.Қазыбекқызы.
Әлеуметтік желідегі жазбаларға Сұлутөбе ауылдық округінің әкімдігі:
” 1.Қазіргі таңда аяқ суға байланысты көксу каналы 2020 жылы сағасынан бастап 20 км қазылды, биыл Сырдария өзенінде су болса елде су болады деген үміттеміз. 2. Ауыз су бойынша 2020 жылы Сұлутөбе елді мекеніне әрбір үйдің ауласына дейін ауызсу тартылып қазіргі таңда суды беру жоспарлануда.3. Светке байланысты ауа райының келеңсіздігінен түтік боран болып толығымен бір тәулік свет болмауы электор сымдарынан ақаулық болған, трансформаторлар қарға толып қалып түнімен қардан тазаланып қазіргі кезде ақаулықтар жойылып қалпына келтірілді”- деп жауап жазды.

Сұлутөбе ауылында аяқ су болмаған соң елдің бау-бақшасы қурап қалған.
Көктем келді. Ауыл арықтары қурап тұр. Ал уақытпен беріледі деген ауыз су әлі жоқ. Боран болса сыр беретін желілері де талапқа сай емес. Облыс орталығына жақын жатса да, бұл ауыл игіліктен шет қалып отыр. Халықтың денсаулығы маңызды болып отырған шақта, ауыл тұрғындары мәселенің жедел шешілуіне назар аудармай отырылғанына налиды. Әйтсе де сол ауылда туған аймақ басшысына үміт артып отыр.

Гүлбану МАҚАЖАН,
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Комментарий